?Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың,таным мен тәрбиелі істердің ордасы.
25 мамыр күні еліміздің барлық білім ошағында соңғы қоңырау үні сыңғырлайды.???
Бұл -оқу жылын қорытындылап,білім алушылардың жетістіктері атап өтілетін айтулы күн.
Тарихы терең,шәкірттері қазақ даласына әйгілі 60 жылдық тарихы бар мектебімізден 26 түлек жаңа өмірге қанат қақты.
Үлкен өмірге 26 үміт,26 арман,26 жолдама.
Мектеп бітіруші түлектерге мектеп директоры М.Садуова, Тасбөгет кенті әкімі С.Сыздықов, халық қалаулысы мектепшілік қамқоршылык кеңес мүшесі Ж.Нұрымбетов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Ибрагимова,ардагер-ұстаздар А.Байманов пен Қ.Шаймағанбетова жылы лебіздерін білдіріп, Қызылорда қаласының әкімі А.Шәменовтың құттықтауын жеткізді.
Қазақстанның жастары -еліміздің басты байлығы.Алдағы ҰБТ-де сәттілік тілейміз!Үміттер ақталып,білімді,білікті мамандар қатары толыға берсін.
Ақ жол,саған жас түлек-2022!
https://kzl-sh176.rka.kz/kz/zhanaly-tar/98-t-lek-2022-zha-a-aza-stanny-erte-i.html#sigFreeId2e7af49964









