N176 орта мектебінде "Мектеп театры" мен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Театр-мәдениет ошағы" тақырыбында фестиваль өткізілді.Балаларға арналған отандық және шетел аудармаларынан қойылым көрсетіліп,кеңінен насихатталды.
? Оқушылар "Менің сүйікті кейіпкерім" жобасы бойынша Б.Соқпақбаевтың "Менің атым-Қожа" фильміндегі Қожаны сомдады. "Елін танытқан ерлер" айдары бойынша ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлына 150 жыл толуына орай "Өгіз бен бақа" мысалынан, ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің "Гарри Поттер" романынан үзінділер көрсетті. Қойылым барысында оқушылардың шығарма мазмұнын түсініп,кейіпкерлерді сомдау және сахналауға деген қызығушылықтары артты.
https://kzl-sh176.rka.kz/kz/zhanaly-tar/94-n176-orta-mektebinde-mektep-teatry-men-o-u-a-shtar-mektep-zhobasy-ayasynda-teatr-m-deniet-osha-y-ta-yrybynda-festival-tkizildi-balalar-a-arnal-an-otandy-zh-ne-shetel-audarmalarynan-ojylym-k-rsetilip-ke-inen-nasikhattaldy.html#sigFreeId2a9f7d0624









