Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады.
№176 орта мектебінде 2022 жылдың 18 мамыр күні 8-11 сынып оқушылары арасында«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол бермеу» және «Жазғы демалыс уақытындағы оқушылардың жеке басының қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық бағыттағы ақпараттық-танымдық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық түсіндірме барысында Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Асылбеков Жасұлан мен ЖПБ-нің ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Жұбаназаров Қуаныш жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқық қызметкерлері оқушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 127, 132, 442-2, 437, 442-1 баптарын, түсіндіріп, кеңінен тоқталды. Қызылорда қаласының төңірегінде болып жатқан жасөспірімдер арасындағы криминогендік ахуал жайлы ақпарат берді.Сонымен қатар, оқушының жазғы каникул уақытында өрт, су және жол көлік оқиғалары,техногендік апаттардан сақтану қажеттілігі жайлы түсіндіріп өтті.
https://kzl-sh176.rka.kz/kz/zhanaly-tar/85-za-zhas-spirim-t-rtip-zhauapkershilik.html#sigFreeId84893cc0b9









