Ата аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін байланысты арттырудың түрлі тәсілдерін қолданып жұмыс жасау маңызды.
2022 жылдың 23 қыркүйек күні мектебімізде
2-4сынып
6-7сынып
9 сынып ата- аналарымен "Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің рөлі", "Отбасы- баланы жақсылыққа үйрететін ең алғашқы әлеуметтік ортасы!", "Ата-ана -бала үшін қайталанбайтын тұлға" тақырыптарында жаңаша форматта кездесу өткізілді.
Мақсаты: Отбасылық тиімді қарым-қатынас; Ата -ана мен бала арасындағы байланыс; Қазіргі қоғам және балалар тәрбиесіне жаңаша
көзқарастарды талдау арқылы ата аналармен ой бөлісу; Кездесу барысында сынып жетекшілер мен ата-аналар тақырыптар аясында пікірталастар ұйымдастырды. Бала тәрбиесінде өзіндік көзқарастар мен тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп педагог-психологтары ата-аналармен тренингтер жүргізді.
https://kzl-sh176.rka.kz/kz/zhanaly-tar/121-bala-t-rbiesinde-otbasy-men-mektepti-r-li.html#sigFreeId78b168e3bd









