Шара барысында директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары М.Назикбаев оқушылармен ата-аналарға ұлттық бірыңғай тестінің ережелерін айтып өтті. Сонымен қатар оқушылардың таңдау пәндеріне байланысты мамандықтар топтамасына кеңінен тоқталды. Оқу ағарту министрлігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №42 бұйрығы бойынша ұлттық бірыңғай тестідегі өзгертулермен толықтырулары жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды. Жаңадан қосылған математика- информатика таңдау пәні және жаңа ереже бойынша негізгі пәндердегі (оқу сауаттылығы мен
Қазақстан тарихы) өзгерген сұрақтар саны толыққанды айтылды. Оқушылар тарапынан, ата-аналар тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, шара қорытындыланды.









