Әлеуметтік желілер:
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
8 724 221 56 91
қ.Қызылорда

№176 орта мектебінде 22 -қыркүйек күні "Өлең-сөздің патшасы" мәнерлеп оқу үйірмесінің ұйымдастыруымен "Тілім-тірегім!" тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп өлең оқу сайысы болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек,

сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.

Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Көркемсөз шеберлері сайысының нәтижесі:

"Бас жүлде" иегері - 4"А" сынып оқушысы Смағұл

Кәусар

1-орын: 4"Ә" сынып оқушысы Балтабай Айару

2-орын: 3"А" сынып оқушысы Аманбаева Жасмин

3-орын: 3"Б" сынып оқушысы Қаныш Заңғар

Өнерлерің өрге жүзсін, жас таланттар!