Әлеуметтік желілер:
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
8 724 221 56 91
қ.Қызылорда

Жаңалыққа толы басталған 1 қыркүйек Білім күні қарсаңында мемлекет басшысы Қ.Тоқаев дәстүрлі  Қазақстан халқына жолдау жасады. 

Осы орайда жолдауды талқылау мақсатында мектепте ұжым жиналысы өткізілді. Жиналыста “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ

ҚОҒАМ” тақырындағы жолдау таныстырылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде  халықтың әл-аухатын арттыруда біршама реформаларға тоқталды. Реформалар 5 басым бағыттан тұрады, соның ішінде 3-ші бағытта көрсетілген ұжымымыз үшін маңызды мәселе білім беру жүйесі туралы айтқан тапсырмалары талқыланды. Табысты ұлт болу жайында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы түсіндірілді. Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды.

Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану- математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды. 

Жолдауда айтылған Біртұтас ұлт болып, әділетті мемлекет болу үшін аянбай жұмыс жасау керектігі жөнінде кеңінен насихатталды.