Әлеуметтік желілер:
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
8 724 221 56 91
қ.Қызылорда

№176 орта мектебінде 2022 жылдың  14 қыркүйек күні 8-9сынып қыздар арасында жиналыс болып өтті.

Мақсаты:

Қыз баланы салауатты өмір сүруге бағыттау, гигиеналық тазалыққа үйрету; жауапкершілікке, қоғам алдында өзін ұстай білуге баулу; бойларында әдептілік, мейірімділік, инабаттылықты қалыптастыру; бос уақытын тиімді пайдалана білуге ықпал жасау;

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Пірмағанбетова "Мектепте  ішкі  тәртіптің сақталуы-қыз балаларды тиянақтылық пен жинақылыққа тәрбиелейтінін айтса, мектеп медбикесі С.Асанова қыз балалардың  денсаулығына, жеке бас гигиенаның маңызы зор екеніне тоқталды. Мектеп  педагог-психологы Б.Абиева "Уақытты тиімді пайдалану" тақырыбында, әлеуметтік желінің зиянды  жақтары, бос уақытты пайдалы істер мен білім алуға жұмсаудың маңызына тоқталды. Жиналысты Мектеп Парламентінің "Өнер және мәдениет" фракциясының көшбасшысы А.Абилдаева  қорытындылады.