Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
№176 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен 2—11 сыныптар арасында "Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы" тақырыбында түрлі іс-шаралар өткізілді.
Атап айтар болсақ,
4 «Д» сыныбында «Әліппенің атасы»
5 "В" сыныбында «Дара тұлға»,
6-7 сыныптарда «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»,
"Оқуға құштар мектеп—оқуға құштар ұлт " жобасы аясында
"Маса",
"Оқуға шақыру" өлеңдерінен үзінді оқылды.
9-10 сыныптар аралығында «Тіл –татулық тірегі» атты эссе байқауы ұйымдастырылып, эссе қорытындысымен жеңімпаз оқушылар марапатталды.
8-11 сыныптардың қатысуымен "Ахаңның айшықты ойлары" тақырыбында жалпы халықтық диктант жазумен аяқталды.
https://kzl-sh176.rka.kz/kz/zhanaly-tar/108-5-yrk-jek-aza-stan-khaly-taryny-tilder-k-ni.html#sigFreeId96ed3e0dfe









