Әлеуметтік желілер:
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
8 724 221 56 91
қ.Қызылорда

Бүгін білімге бастар күн!

Бүгін мектепке баланың шуылы мен қоңырау үнінен жаңа леп келгендей! 2022 жылдың 1 қыркүйек күні №176 орта мектебінде "Білімге

ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" аттысалтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынныңашылу сөзінде мектеп директоры Садуова Майра Өмірзаққызы  барша ата ана, ұстаз, оқушылардыжаңа оқу жылымен  құттықтап, толағай табыстартіледі.                                             

Жаңа оқу жылында алғашқы марапаттар табыс етілді. Олар физика   пәнінің мұғалімі  С.Сыздықоваға  облыстық кәсіподақ комитетінің

"Құрмет грамотасы", математика  пәнінің мұғалімі А.Баймановқа қалалық   білім бөлімінің "Құрметграмотасы" табысталды. Салтанатты жиынға  ыстық   лебізін арқалайкелген қонақтарымыз қала әкімі аппаратының жұмылдыру  дайындығы және құқық  қорғау органдарымен байланыс бөлімінің бас инспекторы Айтжанов Данияр Серікұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Дана Рахымжанқызы, ардагер ұстаздар Абдраманова Мадина Мәдіқызы, Қасымова Сарсенкүл  Кемелбеккызы өзқұттықтаулары мен қала әкімі А.Шәменовтыңқұттықтауын жолдады.             

Мектеп табалдырығын бүгін аттаған бүлдіршіндеріміздің жыр шумақтары жиынның көркін келтірді.                        

Алғашқы қоңырау сыңғыры, барша адамныңжүрегіне жақын. Қоңырау сыңғырымен білімгебастаған әрбір қадам құтты болсын!!!