Қош келдің, жаз! Жазғы демалыс балалар үшін ойын-сауық,қыдыру, саяхаттау,тынығу, бос уақытын тиімді өткізу. 1 маусым- Балаларды қорғау күніне орай #176 орта мектеп жанынан ашылған "Сыр самалы" күндізгі тынығу лагері 10 күндік өз жұмысын бастады.Бүгінгі мерекеге орай балаларға мерекелік концерт ұйымдастырылып,тәтті балмұздақтар таратылды."Сыр самалы" жазғы тынығу лагерінің "Балалар жылы" аясында балалармен өткізілетін мазмұнды іс шаралары мен түрлі пайдалы үйірмелер, сурет, ән-би байқаулары, спорттық шаралар, түрлі тренинг сабақтар жүргізілетін болады. Сонымен қатар алдағы күндері қаланың асем жерлеріне саяхат күтіп тұр. Қош келдіңдер, балақайлар!









