Еңселі Егемендіктің,тұғырлы Тәуелсіздіктің, айбарлы Азаттықтың төл белгісі - Мемлекеттік рәміздер.
Рәміздер 1992 жылы мемлекеттік символика болып жарияланып қабылданғанына биыл 30 жыл.
Рәміздер халқымыздың мұқалмас рухын,қаһармандығы мен даналығын,асқақ арман- тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Осы ретте, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті #176 орта мектебінің жас мамандары дәстүрлі түрде Мемлекеттік Гимнді орындап, тәуелсіздік нышандарына құрмет көрсетті.
Рәмізіңмен рухтан,Алаш ұрпақтары!









