Жеке адамды басқа адамдармен қарым-қатынасқа, мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы - алғашқы қадам. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының басты қызығы, алтын діңгегі - бала. Міне, дәл осы бағытта №176 орта мектебінде отбасы күніне орай "Менің отбасым-менің байлығым" тақырыбында отбасылық бейнероликтер байқауы өтті. Сайысқа қатысқандардың ішінен үздік деп танылған 4 "б" сынып оқушысы Лепес Еңліктің бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз









