Әлеуметтік желілер:
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
8 724 221 56 91
қ.Қызылорда

Туған халқына мәңгілік болатындай ғасырлық туынды сыйлау, тек ұлылардың ғана үлесіне тиген.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың  125 жылдығына орай  №176 орта мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп жобасы" аясында қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасы және"Жасұлан" ұйым мүшелерімен бірлесе  "Кемел ой-алып талант" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты:  М.Әуезов шығармалары бойынша оқушылардың білімдерін кеңейтіп шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,

сөздік қорын молайту; Іс-шарада оқушылар ұлы жазушының "Жетім"

әңгімесін талқылады. Әңгімедегі кейіпкердің образын ашып, жетім баланың көңіл-күйін және шығармадағы табиғатты бейнелеп, жазушының оқырман санасына жеткізгісі келген дүниелер жайлы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ тарихта халқымыздың рухани өсу жолында із қалдырған, ұлы жазушыға арналған Әуезов шығармаларынан өлеңдер оқылды. "Әлем таныған Әуезов" тақырыбында кітапкөрмесі ұйымдастырылып, шығармаларына қысқаша шолу жасалынды. Әуезовтің асыл мұрасы- тұтас бір елдің рухани байлығы.