Әлеуметтік желілер:
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
8 724 221 56 91
қ.Қызылорда

Жасөспірім

Жауапкершілік

Қоғам

Міндет

 

Ғасырлар бойы адамзат қоғамдағы құқық бұзушылықтың себептері мен оны жою жолдарын қарастырып келеді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлық, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу-қоғамның басты міндеті.

Осы орайда 2022 жылдың 26 қыркүйек күні №176 орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларына Қызылорда облыстық "Жастар"денсаулығы орталығының маманы Алтаева Арай Ғалымжанқызы, қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Асылбеков Жасұлан мен полиция капитаны Жұбаназаров Қуаныштың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарға жан -жақты жауап алып, біршама мәліметтермен танысты.

Өскелең жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіре отырып,жан -жақты да жарасымды ұрпақ етіп тәрбиелеу ата -ана мен мектеп тарапынан үздіксіз жүргізілетін процесс екендігін естен шығармайық!