"Дүкенбай жерге жатып жазатын жалғыз жазушы" М.Әлімбаев.
№176 орта мектеп кітапханасында "COWORKING" орталығында қалалық 1 кітапхана 8-10 сынып оқушылары және мектеп "Жас ұлан" ұйым мушелерімен бірлесе "Ұлтының тарихын миллиондаған оқырманға танытқан, прозаның хас шебері, жергілікті жазушы Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл толуына орай "Оқуға құштар мектеп жобасы" аясында
жазушының "Жолбарыстың сүрлеуі" повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияны мектеп кітапханашысы ұлт мақтанышына айналып, ұлы даланың көркемдігін тұңғыш болып қаламымен жол бастаған
жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырып ашты.
Оқушылар қаламгердің "Жолбарыстың сүрлеуі" повесінен оқығандарын айтып, оқиға бойынша талдады, өз ойларымен бөлісті.
Бұдан кейін оқушыларға шығармадан тексеру сұрақтары қойылды. Сондай-ақ 1 қалалық кітапхана қызметкері А.Наршаева "Досжан-құдіретті қалам иесі" тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырды. Конференцияға қалалық 1 кітапханасынан Ә.Айтқұлова, мектеп тәлімгері Қ.Қалыбаева қатысты.









